2023-2024 оқу жылындағы біздің мектептің түлегі Кальменов Аслан Асылбекович Т.Бегельдинов атындағы ӘҚК Әскери институтының 1 курс курсанты өзі білім алған оқу ордасына келіп, қазіргі таңда білім алып жатқан оқу орны жайлы таныстырды. 10-11 класс оқушыларына болашақ мамандық таңдауда мазалап жүрген сұрақтарға тыңғылықты жауап берді. Оқушылар пайдалы кеңестер алды. Кездесу кеші қызықты өтті.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі тарапынан қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған келесі электронды өнімдердің (IP: 77.245.105.165) әзірленгенін хабарлайды:
- қазақ тілін үйренуге бағытталған «Tilqural.kz», «Abai.institute», «Tilmedia.kz», «Balatili.kz» порталдары;
- сөздік қорды байытуға бағытталған «Emle.kz», «Тermincom.kz», «Sozdikqor.kz», «Qazcorpora.kz» порталдары;
- барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы берілген «Qujat.kz» порталы;
- жер-су атаулары жинақталған ономастикалық «Atau.kz» базасы;
- еліміздегі латын графикасына көшу үдерісін сүйемелдейтін «Qazlatyn.kz» (портал және конвертер) ұлттық порталы;
- тіл саласына қатысты өзекті ақпараттар орналастарылған «Tilalemi.kz» сайты.
Аталған электронды өнімдерді мектепке дейінгі, орта, кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының ресми сайттарына орналастырып, ұстаздардың, тәрбиеленушілер мен оқушылардың оқу-тәрбие процесінде қолдануды ұсынамыз.
2023-2024 оқу жылындағы біздің мектептің түлегі Кальменов Аслан Асылбекович Т.Бегельдинов

















