Мектебімізде бекітілген бұйрыққа сәйкес ата-аналар кезекшілігі ұйымдастырылып, жүйелі түрде жүргізілуде. Кезекшілік барысында ата-аналар мектеп аумағында тәртіп пен қауіпсіздіктің сақталуына, оқушылардың сабаққа уақытында келуі мен үзіліс кезіндегі бақылауға белсенді атсалысуда. Бұл шара мектеп пен ата-ана арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтып, балалардың қауіпсіз әрі қолайлы білім алу ортасын қамтамасыз етуге бағытталған.
я
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі тарапынан қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған келесі электронды өнімдердің (IP: 77.245.105.165) әзірленгенін хабарлайды:
- қазақ тілін үйренуге бағытталған «Tilqural.kz», «Abai.institute», «Tilmedia.kz», «Balatili.kz» порталдары;
- сөздік қорды байытуға бағытталған «Emle.kz», «Тermincom.kz», «Sozdikqor.kz», «Qazcorpora.kz» порталдары;
- барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы берілген «Qujat.kz» порталы;
- жер-су атаулары жинақталған ономастикалық «Atau.kz» базасы;
- еліміздегі латын графикасына көшу үдерісін сүйемелдейтін «Qazlatyn.kz» (портал және конвертер) ұлттық порталы;
- тіл саласына қатысты өзекті ақпараттар орналастарылған «Tilalemi.kz» сайты.
Аталған электронды өнімдерді мектепке дейінгі, орта, кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының ресми сайттарына орналастырып, ұстаздардың, тәрбиеленушілер мен оқушылардың оқу-тәрбие процесінде қолдануды ұсынамыз.
Мектебімізде бекітілген бұйрыққа сәйкес ата-аналар кезекшілігі ұйымдастырылып, жүйелі түрде жүргізілуде.…

















