«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «12 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі тарапынан қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған келесі электронды өнімдердің (IP: 77.245.105.165) әзірленгенін хабарлайды:
- қазақ тілін үйренуге бағытталған «Tilqural.kz», «Abai.institute», «Tilmedia.kz», «Balatili.kz» порталдары;
- сөздік қорды байытуға бағытталған «Emle.kz», «Тermincom.kz», «Sozdikqor.kz», «Qazcorpora.kz» порталдары;
- барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы берілген «Qujat.kz» порталы;
- жер-су атаулары жинақталған ономастикалық «Atau.kz» базасы;
- еліміздегі латын графикасына көшу үдерісін сүйемелдейтін «Qazlatyn.kz» (портал және конвертер) ұлттық порталы;
- тіл саласына қатысты өзекті ақпараттар орналастарылған «Tilalemi.kz» сайты.
Аталған электронды өнімдерді мектепке дейінгі, орта, кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының ресми сайттарына орналастырып, ұстаздардың, тәрбиеленушілер мен оқушылардың оқу-тәрбие процесінде қолдануды ұсынамыз.
Мектебіміздің жанынан жайдары жаздың жарқын бастамасы ретінде ?“Күншуақ” жазғы демалыс

Мектебіміздің жанынан жайдары жаздың жарқын бастамасы ретінде ?“Күншуақ” жазғы демалыс алаңы өз жұмысын бастады. Балалар қуанышпен «Нұр», «Шаттық» және «Достық» топтарына қабылданып, жаңа достар тауып, қызықты күндерін бастады.

Алаң тәрбиешілері әрбір баланы жылы қарсы алып, бір-бірімен таныстырып, жазғы демалыс ережелерімен таныстырды. Сонымен қатар, мектеп психологтары балалардың көңіл-күйін көтеріп, танымдық әрі тәрбиелік мәні зор тренингтер ұйымдастырды.

Күннің шуақты сәттерінде балалар таза ауада серуендеп, түрлі ойындар ойнап, асфальт бетіне өз қиялдарынан туған әсем суреттерді бейнеледі. Осылайша, “Күншуақ” жазғы алаңы балаларға шаттық пен қуаныш сыйлайтын, көңілді әрі мазмұнды орталыққа айналды. @aqtobe_bilim_basqarmasy @aqtobe_adistemelik_ortalyk @aqtobe_bilim_bolimi @bilim_qazyna_aqtobe #біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_ақтөбеқаласы #біртұтас_тәрбие_ақтөбеоблысы