🎖️Жеңіс күні қарсаңында оқушылар тыл ардагерін құттықтап барды
9 Мамыр – Жеңіс күні қарсаңында мектеп оқушылары тыл ардагері Самара Валентина Андреевнаны арнайы барып құттықтап, алғыс пен ілтипат білдірді. Ардагерге гүл шоқтары мен шағын сый-сияпат табысталып, оқушылар патриоттық әндер айтып, жылы лебіздерін жеткізді. Бұл кездесу жастарға тылдағы ерен еңбектің де майдандағы ерлікпен пара-пар екенін ұғынуға мүмкіндік берді.
Оқушылар ардагердің естеліктерін тыңдап, бейбіт өмір үшін алғыс білдірді. Мұндай шаралар жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырып, үлкенге құрмет көрсетуге тәрбиелейді. @aqtobe_bilim_basqarmasy @aqtobe_adistemelik_ortalyk @aqtobe_bilim_bolimi @bilim_qazyna_aqtobe #біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_ақтөбеқаласы #біртұтас_тәрбие_ақтөбеоблысы