Жеңіс күні қарсаңында ,мектеп оқушылары тыл ардагерлерін арнайы құттықтап, үйлеріне барып құрмет көрсетті. Бұл шараның мақсаты – Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда аянбай еңбек еткен ардагерлерге алғыс білдіру, олардың еңбегін жас ұрпаққа үлгі ету болды.
💐💐Оқушылар өз қолдарымен жасаған ашық хаттар мен гүл шоқтарын табыстап, ардагерлерге жылы лебіздерін білдірді. Сондай-ақ олар ардагерлерден соғыс жылдарындағы еңбек естеліктерін тыңдап, тарихи мәліметтерге қанықты.
Ардагерлер оқушылардың ізеттілігі мен көңіл бөліп келгендеріне риза болып, оларға білімде табыс тілеп, елімізді бейбіт күнде гүлдендіруге шақырды.
Осындай кездесулер оқушылардың бойында отансүйгіштік пен үлкенге құрмет көрсету сынды асыл қасиеттерді қалыптастырады. Мектебіміз бұл дәстүрді жыл сайын жалғастырып келеді. @aqtobe_bilim_basqarmasy @aqtobe_adistemelik_ortalyk @aqtobe_bilim_bolimi @bilim_qazyna_aqtobe #біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_ақтөбеқаласы #біртұтас_тәрбие_ақтөбеоблысы