Skip to content

📌 Жаңа 2025–2026 оқу жылының алғашқы ата-аналар жиналысы өтті Жаңа…

📌 Жаңа 2025–2026 оқу жылының алғашқы ата-аналар жиналысы өтті
Жаңа оқу жылының басталуына орай мектебімізде ата-аналармен алғашқы кездесу ұйымдастырылды. Жиналыс “Бала тәрбиесіндегі бірлік” тақырыбында өтіп, онда ата-аналар мен мектеп ұжымының бірлескен жұмысының маңыздылығы талқыланды.
Іс-шара барысында:
Мектептің ішкі тәртіп ережелері таныстырылды;
Оқушылардың мектеп формасын сақтау мәдениеті мен бірыңғай талаптары қарастырылды;
Үй мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту жолдары сөз болды;
Жаңа оқу жылындағы негізгі міндеттер мен мақсаттар нақтыланды.
Жиналысқа қатысқан ата-аналар белсенді пікір білдіріп, мектеп өміріне қатысты өз ұсыныстарын ортаға салды. Кездесу жылы шырайлы жағдайда өтіп, ата-аналар мен ұстаздар арасындағы өзара сенім мен серіктестікке негізделді. @aqtobe_bilim_basqarmasy @aqtobe_adistemelik_ortalyk @aqtobe_bilim_bolimi

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *