Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай мектеп оқушылары тыл ардагерлері Галамай Мария Ивановна мен Улжабаева Несібелі Ногаевнаға арнайы барып, құрмет көрсетті. Іс-шара аясында олар ардагерлерге естелік сыйлықтар табыстап, алғыс пен ізгі тілектерін білдірді. Ардагерлермен жылы жүздесу барысында оқушылар Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы жанқиярлық еңбек пен елге деген сүйіспеншіліктің үлгісі туралы мол мағлұмат алды.
Бұл кездесу жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік пен үлкенге құрмет сезімін қалыптастырып, тарихи жадыны сақтауға бағытталған маңызды тағылымды сабақ болды. @aqtobe_bilim_basqarmasy @aqtobe_adistemelik_ortalyk @aqtobe_bilim_bolimi @bilim_qazyna_aqtobe #біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_ақтөбеқаласы #біртұтас_тәрбие_ақтөбеоблысы