🎖️Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай мектебіміздің оқушылары мен сынып жетекшілері тыл ардагерлері Зубцова Мария Прокофьевна, Ивченко Анастасия Яковлевна және Кальчева Екатерина Захаровнаға арнайы барып, мерекелік құттықтауларын жеткізді.
Оқушылар ардагерлерге алғыс айтып, гүл шоқтары мен сыйлықтарын табыстады. Ардагерлер өз естеліктерімен бөлісіп, соғыс жылдарындағы қиындықтар мен елге деген адал қызметтерін әңгімелеп берді.
Бұл кездесулер өскелең ұрпаққа бейбіт өмірдің бағасын түсіндіріп, отансүйгіштікке тәрбиелейді. @aqtobe_bilim_basqarmasy @aqtobe_adistemelik_ortalyk @aqtobe_bilim_bolimi @bilim_qazyna_aqtobe #біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_ақтөбеқаласы #біртұтас_тәрбие_ақтөбеоблысы
