💐Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған тағзым💐
2025 жылдың 7 мамыр күні мектебіміздің 3 “Г” сынып оқушылары Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай тыл ардагері Калыбаева Фатима Фаткуловна әжейге арнайы барып, мерекемен құттықтап қайтты. Оқушылар ардагер әжейге алғыс сөздерін арнап, гүл шоғын табыстады.
Бұл кездесу балалар үшін патриоттық тәрбие берудің жарқын үлгісі болды. Ардагер апамыз да оқушыларға ризашылығын білдіріп, өз өмірінен әсерлі естеліктер айтып берді. Осындай кездесулер жас ұрпақтың бойына Отанға деген сүйіспеншілік пен үлкендерді құрметтеу сезімін ұялататыны сөзсіз. @aqtobe_bilim_basqarmasy @aqtobe_adistemelik_ortalyk @aqtobe_bilim_bolimi @bilim_qazyna_aqtobe #біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_ақтөбеқаласы #біртұтас_тәрбие_ақтөбеоблысы