Тарих және АӘжТД апталығының жабылу салтанаты жоғары деңгейде өтті. Апталық барысында түрлі танымдық, тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылып, оқушылар белсенділік пен қызығушылық танытты. Өз білімдері мен қабілеттерін көрсеткен, жарыстар мен сайыстарда ерекше көзге түскен оқушылар арнайы марапаттарға ие болды.
Апталықтың басты мақсаты – жас ұрпақтың тарихқа деген сүйіспеншілігін арттыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу және әскери-патриоттық рухты қалыптастыру. Осындай мазмұнды іс-шаралар оқушылардың білімін тереңдетіп, жауапкершілік пен ұйымшылдыққа баулиды. @aqtobe_bilim_bolimi #ТарихАпталығы
#АӘжТД
#АпталықЖабылуы
#БелсендіОқушылар
