Тарих және АӘжТД апталығы аясында Нұрболат Тілегенұлы 5 «А» сыныбына «Сақтар» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар ежелгі сақ тайпаларының тұрмысы, мәдениеті мен әскери өнері туралы құнды мәліметтер алды. Интерактивті тапсырмалар арқылы оқушылар тақырыпты терең меңгеріп, тарихи деректермен жұмыс жасау дағдыларын дамытты.
Бұл ашық сабақ апталықтың мазмұнын толықтырып, жас ұрпақтың тарихқа деген қызығушылығын арттырды.
@aqtobe_bilim_bolimi
#ТарихАпталығы #АӘжТД #АшықСабақ #Сақтар #5Асыныбы #Білім #МектепӨмірі
