Skip to content

Тамақтан улану жылдың кез келген уақытында болатын жағдай. Уланудың негізгі…

Тамақтан улану жылдың кез келген уақытында болатын жағдай. Уланудың негізгі себебі – азық-түліктің жарамдылық мерзімін және дайындалған тағамды сақтау шарттарын сақтамау.
Естеріңізге сала кетейік, балық, ет тағамдары, майонез және жұмыртқа қосылған салаттар, сүт тағамдары, ірімшіктің жұмсақ сорттары, ақуыз кремі бар торттар үстелде 4 сағаттан кейін немесе тоңазытқышта 2 күннен артық уақыт тұрса, ішінде бүлініп, ауыр улануға себеп болуы мүмкін.
Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар” санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығының 4 – параграфының 177-179 тармақтарына сәйкес Білім беру және тәрбиелеу объектілерінің тамақтану объектілерінде, мектепке дейінгі ұйымдарда, балалар үйлерінде, балалардың сауықтыру және санаторий объектілерінде алып тасталады:
1. Өндіру және сату: қатық, сүзбе, айранды;
туралған ет қосылған құймақтарды;
флотша макаронды;
зельцтер, форшмактар, сілікпелер, паштеттерді;
кремі бар кондитерлік өнімдерді;
тұтыну қаптамасындағы кондитерлік өнімдер мен тәттілерді (шоколад, кәмпит, печенье);
морстар, квастарды;
фритюрде қуырылған өнімдерді;
шала пісірілген жұмыртқа, қуырылған жұмыртқаны;
күрделі (4 компоненттен артық) салаттарды; қаймақ пен майонез қосылған салаттарды;
окорошканы;
саңырауқұлақтарды;
өнеркәсіпте дайындалмаған (үйде дайындалған) тамақ өнімдерін;
тез дайындалатын құрғақ тағамдық концентраттар негізіндегі бірінші және екінші тағамдарды;
газдалған, емдік және емдік-асханалық минералдық суды, тәтті алкогольсіз сусындарды, алкогольсіз энергетикалық (сергітетін) сусындарды, диффузиялық қойылтылған шырындарды (қаптамаланған минералды және ауыз суды қоспағанда);
фаст-фудтар: гамбургерлер, ход-догтар, чипсілер, кептірілген нан, қытырлақ нанды;
ащы тұздықтар, кетчуптар, ащы дәмдеуіштерді (бұрыш, ақшелкек, қыша) дайындауға және өткізуге;
2. Өндіру: пастерленбеген сүтті, термиялық өңделмеген сүзбені және қаймақты;

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *