Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ! 🚫
Күнделікті емтиханға дайындалып отырдым, кенеттен досым хабарласып, үйіне келуін өтінді. Көп ойланбастан осы емтиханның маған не керегі бар деп, досыма қарай кеттім.
Емтихан күні.
Емтихан уақытында мен қатты қиналып, дайындалмағаныма өкіндім, бірақ экзамен алатын ағайға қарасам, түсінігі мол адамдай көрініп, басқаша шешуді жөн көрдім. Бірақ бұл қадамға баруға қорықсам , жасап көрдім. Емтихан алушы ағай ақшаны көргеннен барлығын түсініп, ойымдағыдй өтіп, қуандым.
Бірнеше жыл өткен соң.
Не болды? Оған тез арада ота жасалу керек.
Осы бір кезде қолыма ота пышағын алғаннан кейін өзімнің сол кездегі дұрыс таңдау жасамағанымды түсіндім. Бұл менің өмірімдегі ең қиын сәт болды.
Осы сәтте мен коррупцияның адам өміріне шабылған балта екенін түсіндім.