Республикада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды
Адам – табиғаттың төл перзенті. Халқымыз көктем келісімен ауласын тазалап, үйінің айналасына гүл, жасыл желектер егіп, су ағатын арығы, каналдардың көзін ашқан.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бес аптаға созылады. Әр аптаның өзіндік тақырыбы мен нақты мақсаты болмақ.
«Киелі мекен». Екінші апта тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыруға арналады.
Акцияға N12 орта мектептің ұжымы, ата-аналары мен оқушылары да өз үлестерін қосып, тазалық жұмыстарын жүргізу, сәндік көшеттерді отырғызу шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – оқушылар мен ата-аналар және мектеп ұжымының арасында қоғамдық мәдениет деңгейін арттыру арқылы республикалық деңгейдегі акцияға қолдау көрсету болып табылады.