Отбасы құндылығын арттыру және әкелер институтын дамыту мақсатында «№12 орта мектебі» КММ – де 1 – 11 класс оқушыларының әкелері арасында «Өнерлі әке» байқауының мектепшілік кезеңі өткізіледі.
✅Байқау мақсаты:
– ата – аналар ішінен өнерлі әкелерді анықтау және оларды ақпараттық – әдістемелік қолдау;
– әке мен бала арасындағы өзін – өзі басқару мен шығармашылық қасиетін дамыту;
– әкелердің ұшқыр ойлы қабілеттерін арттыра отырып, ұлттық өнерді насихаттау;
– Отанға, туған өлкеге деген сүйіспеншілікті арттыру, паториоттық тәрбиеде тәрбиелеу.
✅Байқау міндеттері:
– Шығармашылық ойлау мен қимылдарын дамыту;
– Көркемдік – эстетикалық қызметінің мәдениетін қалыптастыру;
– Өнерде өзін – өзі жетілдіруге және өзін – өзі білдіруге жағдай жасайтиын ортаны құру;
– Әкелердің өнерге қабілеттерін көрсету және оны балаларға үлгі ету;
– Мектеп пен отбасы арасындағы қарым – қатынасты одан әрі нығайту.
✅Байқау бірнеше санаттармен қамтылады:
– «Талантты әке»;
– «Спортшы әке» ;
– «Ұлттық өнерді насихаттаушы»;
– «Өнерлі әке»;
– «Батыр әке»;
– «Ханшайымдар әкесі»;
– «Оқырман әке»;
– «Мотиватор әке»;
– «Заманауи әке»;
– «Жас кәсіпкер әке»;
– «Қолөнер шебері»;
– «Өнертапқыш әке»;
– «Қоғам белсендісі»;
– «Қамқор әке»;
– «Шығармашыл әке»;
✅Байқау жеңімпаздары 1 – наурыз күні қалалық кезеңге ұсынылады.
Мектеп оқушыларының әкелерін байқауға қатысуға шақырамыз!
@qazaqstan_akeleri @bilim_basqarmasy_aqtobe @obrazovanie_gorod_aktobe
#өнерліәке #отбасы #12ортамектеп #ақтөбе