«Оқуға құштар мектеп», «Балалар кітапханасы» жобасы аясында 7«А» сынып біліп алушылары (класс жетекшісі Тілеумағанбетова Г.А.) кітапханамен бірлесе отырып «Балалық шаққа саяхат» кітапхана сағатын өткізді. Білім алушылар «Менің атым Қожа» кітабының сюжетін белсенді талқылады, сонымен қатар мектеп кітапханасында «Балалық шаққа саяхат» атты слайд және кітап көрмесі ұйымдастырылды.Атақты балалар жазушысының өмірі мен шығармашылығымен жақынырақ танысты. «Менің атым Қожа» фильмі туралы қызықты деректер видеоролик арқылы көрсетілді. #оқуғақұштармектеп #балаларәдебиеті #БердібекСоқпақбаев #меніңатымқожа #балалықшаққасаяхат