📍N12 орта мектептің 9-11 сынып оқушылары арасында "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында АӘТД пәнінің мұғалімі Каракойшин Ж.К., дене шынықтыру пәні мұғалімі Нұрманов М.М. жетекшілігімен "Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күніне" арналған әскери-спорттық сайыс ұйымдастырылды.
📌Сайыстың мақсаты:
1. Мектеп оқушыларын дене шынықтыру және спортпен үздіксіз айналысуға тарту. Салауатты өмір салтын насихаттау.
2. Жеткіншек ұрпақтың Отансүйгіштік және патриоттық сана-сезімін қалыптастыру мен мектеп оқушыларымыздың арасында әскери-қолданбалы спорт түрлерін үгіттеу.
3. Оқушыларға қауіпсіздік шаралары мен сақтану жолдарын таныстыру.
✅Сайыс қорытындысы бойынша барлық жеңімпаздар жүлделі орындармен марапатталып, грамоталар табысталды.
#спортивноепитание
#салауаттыомирсалты
#біртұтас_тәрбие
#біртұтас_тәрбие_ақтөбеоблысы
#@aqtobe_bilim_basqarmasy