Skip to content

“N12 орта мектеп” КММ-де 01.09.2024 жылы Білім күніне арналған “Алғашқы…

“N12 орта мектеп” КММ-де 01.09.2024 жылы Білім күніне арналған “Алғашқы қоңырау” жиыны өтті.
Жиын сағат 10.00-де басталды. Салтанатты жиынның арнайы қонағы Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері Унгарбаева Лаура Сабыржановна мен мектебіміздің директоры Нукусова Асемгуль Сембаевна жаңа оқу жылына оқушылар мен ұстаздарға, ата-аналарға жылы лебіздерін білдірді. Сонымен қатар ата-аналарға құттықтау сөз берілді.
Жаңа оқу жылының алғашқы мектеп қоңырауын соғу құрметі 1-сынып оқушылары: Қанатбай Азиз, Рысбай Медина, Арсентьев Руслан, Гаджиева Амира мен 11 сынып оқушылары: Нурпиисов Акылбек, Өтегенова Малика, Погорелов Кирилл, Антошина Ксенияға берілді.
Құрметті оқушылар, ұстаздар! Сіздерге дарынды деген атқа лайық, биіктен көрінетін білім иелері болуларыңызға тілектеспіз, биылғы оқу жылы сіздерге шығармашылық табыс, бақыт әкелсін дегіміз келеді.
Сәт сапар, құрметті оқушылар! #біртұтастәрбие

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *