Skip to content

«Менің арманымдағы жұмыс» атты тренинг ✨ Тренингтің басты мақсаты –…

«Менің арманымдағы жұмыс» атты тренинг

✨ Тренингтің басты мақсаты – жас педагогтардың кәсіби ортаға тез бейімделуіне және мектеп ұжымына табысты енуіне қолдау көрсету болды. Іс-шара барысында қатысушылар еркін пікір алмасып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

🎗️ Тренинг барысында түрлі жаттығулар мен топтық тапсырмалар орындалды. Мұғалімдер балалармен, ата-аналармен және әріптестерімен тиімді қарым-қатынас орнату жолдарын меңгеріп, өздеріне деген сенімділігін арттырды. Сонымен қатар, әр қатысушы өз кәсіби қабілеттерін бағалап, жұмысында қолдануға болатын жаңа әдіс-тәсілдермен танысты.

Қорытындысында, тренинг жас мұғалімдердің мамандығына деген қызығушылығын арттырып, ұжымда жағымды психологиялық орта қалыптастыруға ықпал етті. Іс-шара қатысушылары кәсіби және жеке дамуға деген ынтасын нығайтып, өз армандарындағы ұстаз болуға бір қадам жақындады. Алдағы уақытта жас мамандарға шығармашылық табыс пен еңбектерінің жемісін көруді тілейміз! 🌟 @aktobe_bilim_bolimi #Тренинг#ЖасМамандарменЖұмыс

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *