Мектепте ата-аналарға арналған «Отбасының буллингпен күрестегі рөлі» тақырыбында тренинг өтті. Шараны мектеп психологтары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасары бірлесе ұйымдастырды.
👨👩👧👦 Тренингтің мақсаты – буллингтің бала денсаулығына тигізетін әсерінің маңыздылығын түсіну.
📌 Ата-аналар буллингтің түрлері мен белгілерімен танысып, балалармен және мектеппен тиімді қарым-қатынас орнатуға арналған тәжірибелік құралдар алды.
🌱 Тек отбасы мен мектептің бірлескен әрекеті арқылы әр бала үшін қауіпсіз әрі қолдау көрсететін орта құруға болады.
#Буллинг #АтаАна #Отбасы #Мектеп #Психология #Бала #АлдынАлу


