Skip to content

📢 Мектеп президентін сайлау күні! Бүгін №12 орта мектебінде маңызды…

📢 Мектеп президентін сайлау күні!

Бүгін №12 орта мектебінде маңызды оқиға – мектеп президентін сайлау мақсатында дауыс беру жұмыстары өтті! 🗳️
Іс-шараға 8–10 сынып оқушылары белсене қатысып, өз таңдауларын жасады. Әр үміткер мектептің дамуына өз үлесін қосуға дайын екендігін көрсетті. 💫

Бұл сайлау – оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін дамытуға, жауапкершілік пен ұйымшылдыққа баулуға бағытталған тамаша мүмкіндік болды. 🌟
Дауыс беру үдерісі ашық әрі әділ түрде өтті. Барлық үміткерлерге сәттілік тілейміз! 🤝 @aqtobe_bilim_bolimi

#МектепПрезиденті2025 #ДауысБер #БелсендіОқушы #КөшбасшыБол

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *