Мектебімізге арнайы волонтерлар келіп, еріктіліктің маңызы мен қоғам үшін атқаратын рөлі туралы түсіндіріп, оқушыларға бағыт-бағдар берді.
Кездесу барысында волонтерлықтың адамды дамытатын тәжірибе екені, жауапкершілік пен азаматтық ұстанымды қалыптастыратыны айтылды.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты ақпарат алды.
Мұндай кездесулер жас ұрпақты белсенді болуға, қоғамға пайдалы іс жасауға ынталандырады.
@aqtobe_bilim_bolimi
#Волонтерлік #БелсендіЖастар #ЖақсылықЖаса #SchoolEvent
