Мектебіміздің «Жас Ұлан» ұйымына мүше оқушылар Тәуелсіздік күніне орай танымдық сұрақ-жауап айдын ұйымдастырды.
Іс-шара барысында Қазақстанның тәуелсіздік тарихына қатысты маңызды сұрақтар қойылып, оқушылар өз білімдерін сынға салды. Белсенділік танытып, дұрыс жауап берген қатысушыларға тәтті сыйлықтар — шоколадтар табысталды. Бұл шара оқушылардың патриоттық сезімін арттырып, ел тарихына деген қызығушылығын нығайта түсті.
@aqtobe_bilim_bolimi
#ТәуелсіздікКүні
#ЖасҰлан
#ТәуелсізҚазақстан
#ПатриоттықТәрбие
#ОтанТарихы
#МектепӨмірі