Мектебіміздің жанынан жайдары жаздың жарқын бастамасы ретінде 🌞“Күншуақ” жазғы демалыс алаңы өз жұмысын бастады. Балалар қуанышпен «Нұр», «Шаттық» және «Достық» топтарына қабылданып, жаңа достар тауып, қызықты күндерін бастады.
Алаң тәрбиешілері әрбір баланы жылы қарсы алып, бір-бірімен таныстырып, жазғы демалыс ережелерімен таныстырды. Сонымен қатар, мектеп психологтары балалардың көңіл-күйін көтеріп, танымдық әрі тәрбиелік мәні зор тренингтер ұйымдастырды.
Күннің шуақты сәттерінде балалар таза ауада серуендеп, түрлі ойындар ойнап, асфальт бетіне өз қиялдарынан туған әсем суреттерді бейнеледі. Осылайша, “Күншуақ” жазғы алаңы балаларға шаттық пен қуаныш сыйлайтын, көңілді әрі мазмұнды орталыққа айналды. @aqtobe_bilim_basqarmasy @aqtobe_adistemelik_ortalyk @aqtobe_bilim_bolimi @bilim_qazyna_aqtobe #біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_ақтөбеқаласы #біртұтас_тәрбие_ақтөбеоблысы