Skip to content

Мектебіміздің кітапханасында “Балалар кітапханасы” және “Оқуға құштар мектеп” жобаларын жүзеге…

Мектебіміздің кітапханасында “Балалар кітапханасы” және “Оқуға құштар мектеп” жобаларын жүзеге асыру аясында ұлы ойшыл, дана ақын Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына арналған “Абай – ұлы даланың ұлы ақыны” атты виртуалды кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің негізгі мақсаты – ұлы тұлғаның өмірі мен шығармашылығын терең насихаттау, жас ұрпақты рухани құндылықтарға баулу, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру болды. Виртуалды көрмеге ақынның өлеңдері, қара сөздері, аудармалары мен өмір жолына арналған әдебиеттер қойылып, көрермендерге кеңінен таныстырылды.
Іс-шара барысында оқушылар мен ұстаздар Абай мұрасының мән-маңызы туралы ой бөлісіп, ақын шығармаларынан үзінділер оқыды. Көрме арқылы жас буын Абай даналығының мәңгілік екеніне көз жеткізіп, ұлы ақынның өнегелі сөздері мен өлеңдерінің тәрбиелік мәнін сезінді.
Бұл көрме оқушылардың ой-санасын оятып қана қоймай, олардың ұлттық мәдениет пен әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыруға зор үлес қосты. @aqtobe_bilim_basqarmasy @aqtobe_adistemelik_ortalyk #республикалықғылымипедагогикалықкітапхана ,#балаларкітапханасы ,#оқуғақұштармектепақтөбе

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *