Мектебімізде ұстаздар қауымымен бірлескен сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
Бұл шараның басты мақсаты – мектеп аумағын тазалап, оқушыларға үлгі болу, ортақ іске жауапкершілікпен қарауды насихаттау.
Ұстаздар аула тазалығына атсалысып, ағаштарды күтіп-баптау, айналаны ретке келтіру секілді жұмыстарды атқарды. Сенбілік барысында жылы атмосфера орнап, бірлік пен ынтымақтың жоғары деңгейде екені байқалды.
Осындай іс-шаралар ұжымның бірлігін нығайтып қана қоймай, жас ұрпаққа еңбексүйгіштік пен табиғатты аялау құндылықтарын сіңіруге ықпал етеді.
@aqtobe_bilim_bolimi
#мектепөмірі #сенбілік #ұстаздарқауымы #тазалықмәдениеті #бірлік #үлгіболу
