Skip to content

Мектебімізде Тәуелсіздік күніне орай тағылымы терең, мазмұны бай мерекелік іс-шара…

Мектебімізде Тәуелсіздік күніне орай тағылымы терең, мазмұны бай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, тәуелсіздіктің қадір-қасиетін ұғындыру болды. Салтанатты жиын барысында оқушылар еліміздің тарихына арналған әсерлі өлеңдер оқып, патриоттық әндер орындап, сахналық көріністер арқылы халқымыздың жүріп өткен даңқты жолын көрсетті.
Әрбір өнер көрсетілімінен туған елге деген сүйіспеншілік, ел бірлігі мен ұлттық рух айқын сезілді. Оқушылар өз өнерлері арқылы тәуелсіздіктің оңайлықпен келмегенін, оны сақтау – әр азаматтың қасиетті борышы екенін жеткізе білді. Мұндай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жас ұрпақтың санасына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, ел болашағына деген жауапкершілікті арттырары сөзсіз.
@aqtobe_bilim_bolimi
#ТәуелсіздікКүні #ТәуелсізҚазақстан #ЕгеменЕл #ҰлттықРух #Отансүйгіштік #ПатриоттықТәрбие #МектепӨмірі #ӨнерліОқушылар #БолашақҰрпақ

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *