Skip to content

Мектебімізде Отбасы күніне орай тағылымды да қызықты отбасылық спорттық сайыс…

Мектебімізде Отбасы күніне орай тағылымды да қызықты отбасылық спорттық сайыс ұйымдастырылды. Шараға оқушылар мен ата-аналар түгелдей атсалысып, белсенділік танытты. Әр отбасы өзара ұйымшылдық пен татулықты, күш-жігер мен шеберлікті көрсетіп, түрлі спорттық ойындарда бақ сынады.
Жарыс барысында ата-аналар мен балалар бір-біріне қолдау көрсетіп, өзара түсіністік пен сыйластықтың үлгісін паш етті. Әрбір сайыс қызықты әрі тартысты өтті, күлкі мен қуанышқа толы сәттер көп болды. Жеңімпаз отбасылар марапатталып, барша қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.
Бұл спорттық сайыс оқушылардың да, ата-аналардың да көңілінен шығып, отбасы құндылықтарын дәріптеуге, салауатты өмір салтын насихаттауға және мектеп пен ата-ана байланысын нығайтуға зор үлес қосты. #ОтбасыКүні #ОтбасылықҚұндылықтар #СаналыАтаАна #БақыттыҰрпақ
#ДеньСемьи #СемейныеЦенности #ОсознанноеРодительство #СчастливоеПоколение. @aqtobe_bilim_basqarmasy @aqtobe_adistemelik_ortalyk @aqtobe_bilim_bolimi

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *