Мектебімізде оқушылардың сабаққа тұрақты қатысуын қамтамасыз ету, сабаққа себепсіз келмей қалу жағдайларының алдын алу және оқу тәртібін күшейту және сабаққа қатысуын бақылау мақсатында рейдтік іс-шара өткізілді. Рейдке мектеп әкімшілігі, әлеуметтік педагог, сынып жетекшілер педагог – психолог және директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қатысты.
Рейд барысында атқарылған жұмыстар:
• Оқушылардың сабаққа қатысу журналдары тексерілді;
• Сыныптар бойынша себепсіз келмеген оқушылар тізімі алынып, себептері анықталды;
• Сынып жетекшілермен және ата – аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді;
• Сабаққа қатысу тәртібін жақсарту бойынша ұсыныстар берілді. @aqtobe_bilim_bolimi #мектепрейді #оқуқатысу #тәртіп #бақылау #әлеуметтікпедагог #тәрбиежұмысы #оқушықауіпсіздігі







