Мектебімізде «Күзгі асар» қайырымдылық тәтті тағамдар жәрмеңкесі 1-11 сыныптар аралығында ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге мектебіміздің барлық білім алушылары мен ата-аналары белсене қатысты. Түскен қаржы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім алушыларға көмек ретінде аударылды. Бұл жәрмеңкенің мақсаты білім алушыларымызды қайырымдылыққа, мейірімділікке, жомарттыққа үйрету. Іс-шараға белсене қатысқан әрбір жанға алғысымыз шексіз. #біртұтас_тәрбие_ақтөбеоблысы #күзгіасар2024 #біртұтастәрбие
