📌 Мектебімізде екінші педагогикалық кеңес өтті.
Бұл жиында бірінші тоқсан бойынша атқарылған жұмыстар жан-жақты талданып, оқу процесіндегі нәтижелер мен көрсеткіштер сарапталды. Әр бағыт бойынша есептер тыңдалып, мұғалімдердің ұсыныстары мен ой-пікірлері ортаға салынды. Оқушылардың үлгерімі, тәрбие жұмыстары, тәртіп, ашық сабақтар мен әдістемелік жұмыстар бойынша да қорытынды жасалды.
Кеңес барысында екінші тоқсанда жүзеге асырылатын мақсаттар айқындалып, негізгі міндеттер нақтыланды. Оқыту сапасын арттыруға бағытталған жаңа тәсілдер, әдістемелік қолдау, оқу мотивациясын күшейту, оқушы қауіпсіздігі мен тәрбие жұмыстары бойынша жаңа механизмдер талқыланды.
Жиын соңында қаулы жарияланып, нақты ұсыныстар бекітілді.
Бір бағыт – бір мақсат!
Бірге даму – бірлескен нәтиже! ✨ @aqtobe_bilim_bolimi #педкеңес #мектебіміз #білімберу #тоқсандыққорытынды #педагогикалықкеңес #тәжірибеалмасу #оқусапасы #екіншітоқсан #мақсатжоспар
