Skip to content

Мектебімізде бірінші сыныптың табалдырығын аттағалы отырған кішкентай бүлдіршіндеріміз үшін ерекше…

Мектебімізде бірінші сыныптың табалдырығын аттағалы отырған кішкентай бүлдіршіндеріміз үшін ерекше әрі маңызды кезең басталды. Олар үшін арнайы ұйымдастырылған “Балдырған” мектепалды даярлық курсы өз жұмысын бастады.
Алғашқы күннен бастап балалар сыныпқа қуанышпен келіп, өздерінің алғашқы ұстазымен танысты. Кішкентай оқушылар алғаш рет парталарға отырып, әліппемен танысып, қарапайым әріптерді жазуға машықтанды. Ұстаздың жылы лебізі мен мейірімді көзқарасы балалардың мектепке деген қызығушылығын арттырды.

Сабақ барысында балалар тек білім алып қана қоймай, сергіту сәттерін де көңілді өткізді. Қимылды ойындар мен дене жаттығулары олардың сергіп, көңіл-күйінің көтеріңкі болуына септігін тигізді.

Үзіліс уақытында балалар бір-бірімен тіл табысып, достасып, түрлі қызықты ойындар ойнады. Бұл ойындар олардың ұжыммен жұмыс істеуіне, қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруына көмектесті.

«Балдырған» курсы – балалардың мектепке бейімделуіне үлкен жол ашатын, жаңа өмірге нық қадам жасауға көмектесетін маңызды бастама. Бүлдіршіндерімізге жарқын болашақ, мектеп қабырғасынан ұмытылмас сәттер тілейміз! @aqtobe_bilim_basqarmasy @aqtobe_adistemelik_ortalyk @aqtobe_bilim_bolimi

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *