Мектебімізде 9–11 сынып оқушылары арасында «Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты» тақырыбында дебат өтті. Іс-шара тарих пәні мұғалімі Шакимова А.Т.-ның жетекшілігімен ұйымдастырылды.
Дебат барысында оқушылар Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі бағыттарын талқылап, көпвекторлы саясаттың артықшылықтары мен кемшіліктерін жан-жақты саралады. Қатысушылар өз ой-пікірлерін еркін білдіріп, дәлелдер келтіре отырып, пікірталас мәдениетін көрсете білді.
Аталған дебат Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналды және оқушылардың азаматтық көзқарасын қалыптастыруға, ел тарихы мен саяси үдерістерге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.
@aqtobe_bilim_bolimi
#ТәуелсіздікКүні #ҚазақстанТарихы #СыртқыСаясат #КөпвекторлыСаясат
#МектепӨмірі #Дебат #ПатриоттықТәрбие #ЖасҰрпақ
