Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар! Қиындығы мен қызығы мол тағы бір оқу жылы артта қалды. Алда жайдары, жарқын жаз, көңілді демалыс, тынымсыз еңбек тоқсаны. Баршаңызды оқу жылының аяқталуымен, «Соңғы қоңырау» мерекесімен құттықтаймын. Бүгінгі күн бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі елімізде болып жатқан соңғы оқиғаларға байланысты соңғы қоңырау жылдағыдай мектепте емес, теледидар экранынан соғылуда. Соған қарамастан көңілімізді түсірмей, қашықтықтан өткізіліп жатқан соңғы қоңырауға бір ауыздан атсалысайық!!! Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу жолындағы еңбектерінің жемісін көре білген, шығармашылық жетістіктеріне жете білген, білім игеруде ілгері ізденісте жүрген барлық ұстаздарымызға алғысымды білдіремін.
Ізгі тілекпен мектеп директоры Естлеуова Ақмарал Сағадатқызы
#12мектеп
@mektep12.aqtobe
@obrazovanie_gorod_aktobe
@bilim_akimat
