Құрметті, мектеп ұжымы, ата-аналар және білім алушылар!
Жаңа 2025 жыл баршаңызға баянды бақыт, зор денсаулық және шығармашылық табыс әкелсін! Осы жыл сіздер үшін жаңа мүмкіндіктер мен жетістіктерге толы болсын.
Мектебіміздің дамуы мен өркендеуі үшін қосқан үлестеріңізді бағалап, әрқайсыңызға шығармашылық күш-қуат, білім мен тәрбиеде жаңа белестерге жетуді тілеймін.
Оқушыларымыздың армандары орындалып, әр күннің жемісі мол болсын.
Жаңа жылда өзара сыйластық пен түсіністік, күш-жігер мен ынтымақтастық жанданып, мектебіміз жаңа биіктерді бағындыра берсін. Қиындықтар мен сынақтар бізді әлсіретпей, керісінше жаңа жетістіктерге жетуге күш-қуат берсін. Баршаңызға шын жүректен бақыт, амандық және жарқын болашақ тілеймін!
Жаңа жыл құтты болсын!
Ізгі ниетпен мектеп директоры Нукусова Асемгуль Сембаевна