Skip to content

Құрметті ата-аналар! Оқу жылының аяқталуына байланысты назарларыңызға маңызды ақпарат ұсынамыз.…

Құрметті ата-аналар!
Оқу жылының аяқталуына байланысты назарларыңызға маңызды ақпарат ұсынамыз.
Мектеп қабырғасында өткізілетін барлық іс-шаралар заңға және тәрбие қағидаттарына сәйкес ұйымдастырылуы тиіс. Осыған орай, келесі әрекеттерге қатаң түрде тыйым салынады:
✅Бітіруші 4, 9 және 11-сынып оқушыларынан мектеп қажеттілігіне ақша жинау;
✅Аниматорлар, мерекелік студиялар мен агенттіктерді шақыру;
✅Мұғалімдер мен мектеп әкімшілігіне қандай да бір сыйлықтар тарту ету;
✅Мектеп ішіндегі жөндеу жұмыстарына қажетті заттар үшін қаражат жинау;
✅Оқушылардың автокөлік шеруіне қатысуы, ойын-сауық орындарына (мейрамхана, саябақ және т.б.) баруы;
✅Қорытынды аттестаттау кезінде ата-аналар есебінен мерекелік дастархан ұйымдастыру.
Бұл шектеулердің мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, педагогикалық әдепті сақтау және білім беру ұйымдарында әділдік пен ашықтықты қамтамасыз ету.
Құрметті ата-аналар!
Сіздердің осы ережелерге түсіністікпен қарап, мектеппен өзара сенім мен қолдау жағдайында әрекет етулеріңіз – балаларымыздың қауіпсіздігі мен болашағы үшін өте маңызды.
Егер сұрақтар немесе ұсыныстар болса,білім басқармасы сіздер үшін әрқашан ашық екенін ескертеміз.
Ізгі ниетпен,
Ақтөбе облысының білім басқармасы

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *