Қазынамыз деп қадірлеп өтер ардақты қарт-қарияларымыздың да айтулы мерекесі келіп жетті. Баталы сөз бен аталы сөзге тоқтаған қазақ ұрпағы үшін бұл мерекені сіздермен бөлісіп, жүздеріңізге риясыз күлкі сыйлау-біздің міндет. Бүгін №12 орта мектепте 1-қазан Халықаралық Қарттар күніне орай «Қарттарым-асыл қазынам» тақырыбында мерекелік концерттік шара өткізілді. Концерттік шарамыз мерекелік дастарханмен жалғасып, ардагер ұстаздарымызға сыйлықтар таратылды.Асыл қарттарымыз ерекше көңіл күй, ыстық ықыласпен тарасты.
Осы тұста сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай келе,ғұмырларыңыз ұрпаққа үлгі, еңбектеріңіз келешекке бағдарлы болсын деп тілейміз. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңыздан береке, ынтымақ, шаттық үні үзілмесін. #біртұтастәрбие