Қазіргі уақытта тұмау вирусының таралуы күшейіп отыр. Осыған байланысты мектепте оқушылардың денсаулығын сақтау мақсатында күн сайын таңертең дене қызуы тексерілуде. Ата-аналарға балаларын жылы киіндіріп, жеке гигиена ережелерін сақтауға назар аудару ескертілді. Сынып бөлмелері жиі желдетіліп, санитарлық талаптар қатаң орындалуда. Бұл шаралар аурудың алдын алуға бағытталған.
@aqtobe_bilim_bolimi
#ТұмауғаҚарсы #ҚауіпсізМектеп #ДенсаулықҚорғау #СақтықШаралары
