№12 орта мектепте 9–11 сынып оқушыларының құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын түсіндіру және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында жасөспірімдердің қауіпсіздігі, қоғамдық тәртіпті сақтау, құқықтары мен міндеттері, заң алдындағы жауапкершілік мәселелері қозғалды. Оқушыларға ұрлық, төбелес, буллинг, кибербуллинг және зорлық-зомбылық сияқты құқықбұзушылықтардың алдын алу жолдары түсіндірілді.
Сондай-ақ түнгі уақытта заң талаптарын сақтаудың маңыздылығы, мектеп аумағына тыйым салынған заттарды алып келуге жол бермеу және түрлі қауіпті жағдайларда дұрыс әрекет ету жөнінде маңызды ақпараттар берілді.
Профилактикалық түсіндірме жұмысын Ақтөбе облысы Полиция департаменті Тергеу басқармасының бөлім бастығы, полиция подполковнигі Иксанов Тимур Сергеевич жүргізді
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құқықтық жауапкершілік пен қауіпсіздікке қатысты пайдалы мәліметтер алды.
Заңды білу – құқықтық сауаттылықтың негізі.
Заңды сақтау – әр азаматтың міндеті.
Қауіпсіз қоғам – ортақ жауапкершіліктен басталады!