📢 Хабарландыру
Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында 2025 жылдың 8-16 қазан аралығында №12 орта мектебінің ұстаздары мен ата-аналарының қатысуымен «Бізбен бақылаудағы түн» атты түнгі рейд жүргізіледі.
Бұл шара оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта себепсіз жүріс-тұрысын болдырмауға бағытталған.
📌 Құрметті ата-аналар, сіздерді осы маңызды іс-шараға белсенді қатысуға шақырамыз!
@aqtobe_bilim_bolimi

