Хабарландыру!
Ақтөбе қаласы «№12 орта мектеп» КММ педагогтерді конкурстық негізде жұмысқа қабылдау ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бірлескен бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларымен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес Ұлттық білім беру деректер базасында «Педагогтерді жұмысқа қабылдау» модуль «бұдан әрі – Модуль https://hr-nobd.edu.kz/)» жүйесінде техникалық ақау орын алғанына байланысты білім беру саласындағы уәкілетті органның хаты негізінде Қағиданың 91-тармағына сәйкес Ақтөбе қаласы «№12 орта мектеп» КММ-де төмендегі лауазымдарға педагогтерді тағайындау конкурсына қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап, 7 жұмыс күні ішінде жүргізіледі 19-27 тамыз аралығында құжаттардың қабылдауын қағаз форматта жүзеге асатынын хабарлаймыз.
• Педагог қызметіне «enbek.kz» сайтынан, мектептің «Mektep12-aktob.edu.kz» ресми сайтынан, мектептің инстаграм «mektep12.aqtobe» парақшасынан көруге болады.
Конкурсқа жарияланған бос орын:
➢ Информатика пәнінің мұғалімі – 16 сағат;
➢ Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі – 16 сағат (ҚР Еңбек Кодексінің 30 бап, 1 тармақ, 4)тармақша – уақытша болмаған қызметкерді алмастыру уақытына) (декретті демалыс);
➢ Математика пәнінің мұғалімі – 16 сағат
➢ Технология пәнінің мұғалімі – 16 сағат (ҚР Еңбек Кодексінің 30 бап, 1 тармақ, 4)тармақша – уақытша болмаған қызметкерді алмастыру уақытына) (декретті демалыс).
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам қағиданың 113-тармағына сәйкес хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды қағаз түрінде тапсыра алады:
❖ Қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

