«Бүгінгі жас маман – ертенгі білікті ұстаз» 📖
Болашақта аға буын ұстаздардың, орнын басатын, олардан үлгі алатын, шәкірттердің сүйікті ұстазына айналатын тұлға – жас мамандар. Сондықтан, жас мамандарды тәрбиелеп, жақсы ұстаз денгейіне дейін көтеруде тәлімгер оқытушылардың маңызы зор. Осы тақырыпта мектептің әдістеме ісі жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы Ж.М.Темирбекова жас мамандармен отырыс өткізді.
Шара барысында жас мамандар өздерінің ойларымен ашық белісіп, пікірталастар жүргізді. Педагогикалық, жағдаяттарға жауап беріп, өз ұсыныстарын айтты.
Ұстаздық жолда биік шыңдарды бағындыра беріңіздер, жас мамандар! #біртұтастәрбие