Skip to content

Бүгін мектепте құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі кеңестің №3 кезекті отырысы…

Бүгін мектепте құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі кеңестің №3 кезекті отырысы өткізілді.
Отырыста келесі маңызды мәселелер қаралды:
1️⃣ 9–11 сынып оқушылары арасында тыйым салынған заттарға қатысты рейдтік шара ұйымдастыру
Түсіндіру жұмыстары мен профилактикалық бақылауды күшейту туралы шешім қабылданды.
2️⃣ Киберқұқықбұзушылықтар және интернеттегі қауіпсіздік
Оқушылардың онлайн кеңістікте өздерін қауіпсіз ұстау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған жұмыстарды жүйелеу қарастырылды.
3️⃣ Отбасындағы тәрбие мен ерте жүктілік арасындағы байланыс
Ата-аналармен серіктестікті нығайту және жасөспірімдер арасында түсіндіру жұмыстарын арттыру жөнінде ұсыныстар қабылданды.
Кеңес отырысының мақсаты — оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтың алдын алу және тәрбие жұмысын жетілдіру.
Біз балалар үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруды жалғастырамыз. @aqtobe_bilim_bolimi @bilim_qazyna_aqtobe
#құқықбұзушылықтыңалдыналу
#қауіпсізмектеп
#профилактикалықжұмыс
#киберқауіпсіздік
#интернетқауіпсіздігі

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *