Skip to content

Бүгін мектеп жанындағы “Күншуақ” жазғы алаңында “Фиксики” тобы үшін қызықты…

Бүгін мектеп жанындағы “Күншуақ” жазғы алаңында “Фиксики” тобы үшін қызықты күн болды. Балалар мектеп ауласында және ойын алаңында арнайы жасырылған тапсырмаларды іздеп тауып, оларды белсене орындады. Бұл тапсырмалар олардың зеректік пен тапқырлық қабілеттерін дамытты.

Сондай-ақ, спорттық ойын алаңында топаралық жарыстарға қатысып, ұйымшылдық пен жылдамдық танытты. Балалардың бойындағы жігер, белсенділік және достық қарым-қатынас бүгінгі күнді ерекше әрі есте қаларлық етті. @aqtobe_bilim_basqarmasy @aqtobe_adistemelik_ortalyk @aqtobe_bilim_bolimi @bilim_qazyna_aqtobe #біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_ақтөбеқаласы #біртұтас_тәрбие_ақтөбеоблысы

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *