Бүгін мектеп жанынан ұйымдастырылған «Күншуақ» жазғы демалыс алаңы аясында «Достық» тобы «Тәтті Фрутти» атты танымдық-шығармашылық шара өткізді. Балалар тәрбиешілердің жетекшілігімен әртүрлі жемістерді сәндеп турауды, олардан дәмді әрі пайдалы салат жасауды үйренді. Бұл іс-шара балалардың аспаздық қабілеттерін дамытып қана қоймай, эстетикалық талғамын арттырып, ұжымда бірлесе жұмыс істеуге баулыды. Күннің шуағындай көңілді өткен шара балалардың есте қаларлық, пайдалы сәттермен толы болды. @aqtobe_bilim_basqarmasy @aqtobe_adistemelik_ortalyk @aqtobe_bilim_bolimi @bilim_qazyna_aqtobe #біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_ақтөбеқаласы #біртұтас_тәрбие_ақтөбеоблысы
