Бүгін мектеп жанынан ашылған «Күншуақ» жазғы демалыс алаңының аясында «Фиксики» тобы ерекше шығармашылық шара өткізді. Балалар «Жемісті шырын» тақырыбында түрлі-түсті аппликация жасап, қиялдарын ұштап, қолөнерге деген қызығушылықтарын танытты. Шара барысында балалар жемістердің пішінін қиып жапсырып, өздерінің сүйікті шырындарын бейнеледі. Бұл іс-шара балалардың эстетикалық талғамын, ұсақ моторикасын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталды. @aqtobe_bilim_basqarmasy @aqtobe_adistemelik_ortalyk @aqtobe_bilim_bolimi @bilim_qazyna_aqtobe #біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_ақтөбеқаласы #біртұтас_тәрбие_ақтөбеоблысы
