🚨 Бүгін мектебімізде кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлармен бірлескен түсіндірме жұмыстары өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдер арасында ұл мен қыздың арасындағы қарым-қатынастағы мәдениеттілікті сақтау, өзара құрмет пен дистанцияны ұстану, сондай-ақ ерте жүктіліктің алдын алу мәселелеріне назар аударту болды. 👩🏫👨🏫
Инспекторлар оқушылармен ашық сұхбат жүргізіп, маңызды өмірлік кеңестер берді. Мұндай кездесулер жасөспірімдердің жауапкершілігін арттырып, дұрыс өмірлік ұстаным қалыптастыруға ықпал етеді. 🌿
@aqtobe_bilim_bolimi
#ЖастарБолашағымыз #ТәрбиеліҰрпақ #ҚауіпсізМектеп #ИнспекторКездесуі
