Skip to content

Бүгін «Күншуақ» жазғы демалыс алаңында ерекше көңілді сәттердің бірі орын…

Бүгін «Күншуақ» жазғы демалыс алаңында ерекше көңілді сәттердің бірі орын алды. «Шаттық» тобы балаларға арналған дәмді әрі танымдық шеберлік сабағын ұйымдастырды – олар пицца пісірудің қыр-сырын үйретті!

🍕Балалар аспаздық қалпақтарын киіп, өздерін нағыз аспаз сияқты сезінді. Қамыр илеп, түрлі дәмдеуіштер мен көкөністерді қалауынша таңдап, әрқайсысы өз қолымен пицца жасады. Бұл үдеріс тек қызықты ғана емес, сонымен қатар балалардың шығармашылық қабілетін, ұқыптылығын дамытатын тамаша мүмкіндікке айналды.

🧑🏻‍🍳Айналаны дәмді ас иісі мен қуанышты күлкі кернеп, шеберлік сабағы естен кетпес әсер сыйлады. Іс-шара соңында балалар өз қолдарымен дайындаған пиццаны дәмін көріп, тәтті сәттің ләззатын бірге бөлісті.

Осындай жарқын күндер – «Күншуақтағы» шаттықты шақтардың айғағы! @aqtobe_bilim_basqarmasy @aqtobe_adistemelik_ortalyk @aqtobe_bilim_bolimi @bilim_qazyna_aqtobe #біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_ақтөбеқаласы #біртұтас_тәрбие_ақтөбеоблысы

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *