Бүгін, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім департаменті “Біртұтас тәрбие” бағдарламасының жоспарына сәйкес “Ұстаздар күні” мерекесіне орай Республикалық “Даналық ұстаздан” челленджі ұйымдастырылды. Өскелең ұрпақтың ұстаздарға деген құрметі мен сүйіспеншілігін арттыру мақсаты көзделген шараға мектебіміздің білім алушылары шабыттана қатысып, өз шеберліктерін көрсете білді.
Үлкен ізденіс пен талап, ынтаны қажет ететін ұлы жолда талмай келе жатқан барлық ұстаздар қауымын мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз💐💐
#біртұтас_тәрбие
@aqtobe_bilim_bolimi
@aqtobe_bilim_basqarmasy #біртұтастәрбие