🩺 Бүгін №12 орта мектебінде жұқпалы тері ауруларының, соның ішінде педикулез және қышыма (чесотка) ауруларының алдын алу мақсатында түсіндірме іс-шаралар өткізілді.
Іс-шара барысында мектеп медбикесі мен сынып жетекшілері оқушыларға жеке бас гигиенасын сақтау, киім мен төсек жабдықтарын таза ұстау, аурудың алғашқы белгілерін дер кезінде анықтау жөнінде кеңестер берді.
Сонымен қатар, оқушылардың сауаттылығын арттыру және тақырыпты терең меңгерту мақсатында тақырыптық диктант жазу жұмысы ұйымдастырылды. Бұл шара балалардың гигиеналық мәдениетін қалыптастырумен қатар, денсаулыққа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталды.
🧼 Мұндай іс-шаралар оқушылардың өз денсаулығына ұқыпты қарауын, жұқпалы аурулардың алдын алу маңызын түсінуін қамтамасыз етеді. @aqtobe_bilim_bolimi. #ЖекеГигиена.#АлдынАлуІсШарасы#ТазаБолайық


